Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Исамиддин баба мешіті әйел-қыздар секторы Құранға түскен шәкірттерге құрмет көрсету шарасын өткізді. Жас арасы 10 жасар бүлдіршін қыздар мен ақ самайлы әжелеріміздің мешітке келіп Құран үйренуі сауапты әрі жауапты іс.
Игі шараға қаламыздың әйел-қыздар секторы басшысы Досжанова Балжан ұстаз арнайы келіп шәкірттерге Құранға сай өмір сүру жайында насихат айтып, тәж кигізді.
Құранды оқып, үйреткен барша ұстаздарға алғыс білдіреміз. Құран үйренуші әрбір жанның өміріне береке, отбасына тыныштық болсын.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі