Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпарпаттық-коммуникациялық орталығында қасиетті Рамазан айына қатысты БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырылды.
Брифинг жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов пен найб имамы әрі баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров қатысып, қасиетті Рамазан айының талаптары мен ережелері түсіндірілді.
Биыл Рамазан айы 11-наурызда басталады. Осыған орай, пітір садақа мөлшері 640 теңге болып бекітілді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықты ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов мәлім етті.
Биылғы қаламыздағы мешіттерде «Рамазан дастарханы» «Рамазан шатыры» жайылып, онда күнделікті ауызашар ұйымдастырылады. Қасиетті айдың құрметінде қаладағы 5 ауданның орталық мешітінде қала әкімдігімен бірлесе ауызашар себетін үлестіру жоспарланып отыр.
– Өздеріңізге белгілі, өткен жылы 33 мың отбасыға азық-түлік себеті үдестірілді. Жомарт жандардың қайырлы істерге деген белсенділігінің арқасында биыл да осы бағыттағы қайырымдылық жұмыстарын жандандырғалы отырмыз. Халық арасында Рамазан, садақа, зекет туралы көбірек мәлімет алғысы келген жандар үшін биыл қаланың 6 жерінде «Рамазан Call-Center» қызмет көрсетеді, ол жерде ол жерде 8-708-478-57-22 нөмірі арқылы жамағаттың сұрақтарына жауап беріледі, -деді қаланың бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы.
Биылғы Рамазанның ерекшелігі – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен қатар келіп жатыр. Мұндай сәйкестік 33 жылда бір келеді екен. ҚМДБ Шымкент өкілдігі қасиетті айдың табиғат оянуымен қатар келуіне орай қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға басымдық беріледі.
– Қасиетті Рамазан айы тек құлшылық айй қана емес, қоғамға оң әсерін тигізер іс-шараларды қолға алынды. Осы жылы алғаш рет «Табиғатты аяла» іс-шарасы аясында «Рамазанда бір тал ек», жамағатты кітап оқуға баулу мақсатында «Мешітке кітап сыйла» акциясын өткізу жоспарланған. Одан бөлек, Рамазан мейірімділік айы болғандықтан қалада 6 орында қайырымдылық орталығын ашуды көздеп отырмыз. Осы орталық арқылы әлеуметтік жағдайы әлсіз отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріледі. Және әз-Наурыз мерекесінде ауызашар ұлттық ойындарға кезек беріліп, жамағатқа наурыз көже, бауырсақ т.б. таратылады,- деді найб имам Мұхамеджан Естеміров.
Брифингке шаһар бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауымен үндеуін таныстырып, жеткізді. Мұнымен қатар, қайырымдылық шаралар, ауызашар өткізу жәйі, діни дәрістер, Құран курстары, тарауих намазында Хатым Құран оқу мәселелері т.б. сұрақтарға жауап берілді.
Брифингке жергілікті «Оңтүстік», «Отырар», «Хан тв» т.б. телеарналары мен газет, журналдардың тілшілері, блогерлері қатысты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі