Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент орталық мешітінде Имамдардың діни білімін жетілдіру һәм қайта даярлау орталығында «Хадистану ілімі» курсы ашылды.
Шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының бастамасымен курста белгілі ұстаздар дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» бөлімінің маманы Қазыбек Сарыбаев, РАНТ мүшесі Ералы Есенгелдиев, «Шымкент» медресе колледжінің ұстазы Жомарт Дөрбетхан, Нұрсұлтан қари Мамедалиев сынды ұстаздар дәріс береді.
Курс барысында «Діни оқу-ағарту» бағытының бағдарламасы аясында хадис ілімі, Құран және тәжуид, Ислам тарихы және дін мен дәстүр пәндері жүргізіледі. Курсы бағдарламасы 10 күндік, 250 тыңдаушыға арнайы сертификат табысталады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі