Бүгін  ҚМДБ «Ізгі қоғам» бағыты мен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы әкімдігі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен ардагерлер кеңесі  бірлесіп «ЖАСТАР – ІЗГІ ҚОҒАМ АЙНАСЫ» атты рухани-танымдық форумы ұйымдастырылды.

         Форум жұмысына шаһар әкім орынбасары  Сәрсен Құранбек,  ҚМДБ Шымкент орталық мешіттің найб имамы Мұсабек Ақтамберді, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, ҚР Заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев,  Шымкент қаласы «Дін мен дәстүр» бағытан жауапты Самат Анарбаев,  Шымкент қаласы дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу ортылығы» КММ-ның теолог Әмірбек Сұлтан,  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің жас ғалымы, абайтанушы Исабек Әзімхан, қалалық «Жастар ісі»  секторының жетекшісі  Әли Анарқұлұлы т.б. азаматтар қатысып, жастар мәселелері жөнінде баяндама жасады.

         Форум аясында дін мен дәстүр құндылығы, әкелер мектебі, жастар тәрбиесі, жат ағымнан сақтану жолдары, білім алу, нағыз кәсіп иесі болу т.б. қажетті дүниелер қозғалды.  Сондай-ақ, жастар  тәрбиесіне қатысты дәл осындай шараларды жиі өткізіп тұру жөнінде шешім қолдау тапты.

         Форум соңында ұсынылған бастамаларды қолдай отырып,    рухани-танымды дамытуға арналған үндеу қабылданды.  

         Айта кетсек, аталмыш  форум қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимаратында жоғары деңгейде өткізілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38