Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешіті мен «Зекет» қорының ұйытқы болуымен 21 Маусым күні «Рамазан айы Мырзалық және мейірімділік айы» атты қайырымдылық шарасын өткізілді.
Қайырымдылық шара барысында Арыс қаласына қарасты 151 отбасы, мүмкіндігі шектеулі, жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға азық-түлік түрінде (5 кг ұн, 5 кг күріш, 2 кг қант, 5 литр май, шай, 5 кг макарон, т.б.) көмек берілді.
Мұнымен қатар, Арыс қаласы «Ратайқажы» мешіті жағдайы төмен көпбалалы отбасыға 20 қап ұн таратылды.
Арыс қаласы орталық «Ысқақ мешіт баспасөз қызметі