Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде қыз-келіншектерге ашық сабақ болып өтті.
Қождан ата мешіті әйелдер бөлімінде «Құлшылыққа құлшындырар қасиетті үш ай» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.
Ашық сабақта Ережеп, Шағбан және Рамазан айларының қадір-қасиеті жайлы айтылып. Рамазан айына дайындықты нақты не нәрседен бастау керегі жайлы түсіндірілді.
Ережеп пен Шағбан айында қандай құлшылықтар түрлерін жасау абзалдығы айтылды. Шәкірттер мен сұрақ-жауап жасалынып, Рамазанға дайындық кестесі берілді.
Шара соңында қыз-келіншектерге берекелі дастархан жайылып, Құран хатым дұғасы оқылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі