Бүгін ҚМДБ-ның «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Тура жол» мешітінде Құранды толық жаттаған 8 шәкірт қыздарға құрмет көрсету шарасы өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Еңбекші аудандық мешіттің имамы Ербосын Орын, аудандық «Әйел-қыздар» секторының ұстазы Гүлжан Қонарбайқызы арнайы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Осы орайда, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қасиетті Құранды толық жаттаған шәкірт қыздарымыз София Ахметжанова, Мадина Анарметова, Айша Исламова, Тахмина Ахмеджанова,Муслима Асланбекова, Зилола Тұрашбекова, Салиха Хасанова, Мадина Тошниязова қариларымызға арнайы алғыс білдіріп, демеушілер есебінен барлығына ұмра қажылық сертификатын табыстады.
Игі шара аясында «Тура жол» мешітінің имамы Тәңірберген Ергешов барлық қатысушыларға алғыс айтып, діни сауат ашу курстарына демеушілік еткен азаматтарға ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі