ҚМДБ Шымкент қаласы, Тұран аудандына қарасты «Сабыржан ата» мешітінде
Имамдардың діни білімін арттыруға арналған бірнеше семинар дәрістері өтті.
Арнайы семинар жұмысына қала бас имамының орынбасарлары Мұхаммеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Тұран ауданының кураторы Ерман Бекбауов, Тұран ауданының найб имамдары Жарасов Арман, Мұрат Таубайұлы және ауданға қарасты барша имамдар қатысты.
Атап айтқанда:
– ҚМДБ төрағасы бас мүфтиіміздің биылғы 2024жылға
“ Бір айда бір кітап оқы “ атты үндеуінің аясында “ Устаз әууәл “ кітабынан Тұран ауданы «Сабыржан ата» мешітінің имамы Сайдирасул Сабыров дәріс өтті. Дәріс барысында барша имамдар кезек-кезек оқып, белсенділік танытты.
– Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхаммеджан Естеміров
Бас муфти Наурызбай Қажы Тағанұлы хазыреттің 2024жылы “Ислам және дәстүр құндылығы” жылы деп жариялағанын жеткізді. Осы жылы 5-бағытқа басым беретіндігін және басқада құнды ақпараттармен бөлісті.
– Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Қазыбек Сарыбаев
“Халал өнім” жайлы ақпарат беріп, адал астың артықшылығы жайында тоқталып өтті.
– ҚМДБ Шымкент қаласы Тұран аудандық “Қождан ата” мешітінің найб имамы Мұрат Таубайұлы «Тәжуид және құран ілімі» негізінде дәріс өтті.
Семинар соңында Өткен 2023жылы Тұран ауданының кураторы болып, бағыт бағдар көрсетіп 5-аудан арасында екінші орын алуға себепкер болған, Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Қазыбек Сарыбаевқа Тұран ауданы имамдарының атынан шапан, тақиясымен кигізіп, арнайы құрмет көрсетіп алғыс білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі