ҚМДБ-ның Шымкент қаласы Тұран аудандық “Қождан ата” мешітінде имамдардың 2024 жылы атқаратын жұмыстарының жоспарын талқылау мәжілісі болып өтті.
Мәжіліске Шымкент қаласының найб имамыдары Қазыбек Сарыбаев, Ерман Бекбауов және ауданға қарасты имамдар қатысты.
Туран ауданының кураторы Қазыбек Сарыбаев өткен 2023жылды қорытындылап, жақсы деңгейде аудан арасында 2-орын алғанын, осы жылда белсене қызмет еткен барша имамдарға алғысын білдірді. Жаңа 2024жылда кураторлық қызметте Ерман Бекбауов болатынын айтып таныстырды. Ерман Бекбауов, Қазыбек Сарыбаев имамға алдығы қызметіне абырой мен сәттілік тілеп, алғысын білдіріп шығарып салды.
Куратор Ерман Бекбауов осы жылғы муфтияттың қойған жұмыс жоспарыменен, тапсырмаларын талқылап түсіндірді. Жаңа 2024жылда атқаратын ислам және ізгі қоғам, діни оңалту бағытын, дін мен дәстүр, діни сауат ашу және уағыз-насихат, бір айда кітап оқу, халал ісін насихаттау, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды жақсарту туралы нақты тапсырма берілді.
Мәжілісі соңында Куратор “Ерман Бекбауов” 2024 жылы атқарылатын жұмыс жоспарында әрбір бағыт бойынша белсенді болуға шақырды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38