ҚМДБ- ның Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық Исамиддин баба мешітінде 2024 жылғы жұмыс жоспарын таныстыру жиыны өтті.

Жиын алдында аудан бас имамы Ербосын Орын ауданға жаңадан тағайындалған куратор Естемиров Мухаммеджан имамды таныстырды. М.Естемиров өз кезегінде қала бас имамының күн тәртібінде бекіткен бір неше мәселелерді баяндап, нәтижелі жұмыс жасауды тапсырды.

Жиналыс соңында басшылар Сауд Арабия мемлекетінен келген қасиетті Құран кітаптарын имамдарға тарту етті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38