Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына орай, көне түркі кітаптарын оқыту жұмыстары жалғасын табуда.
Шымкент орталық мешіті жанынан ашылған «Яссауи дүниесі» атындағы көне түркі кітаптарды оқыту орталығының ұйытқы болуымен «Бір айда бір кітап оқы» аясында Қаратау ауданы «Сайрам» мешітінде шәкірттер кезекті имандылық үйірмесін тамамдады. Аталмыш шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, шаһар бас имам орынбасары әрі көне түркі еңбектерді оқыту орталығының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов, ұстаз Салахиддин Мухиддниов, Зейнаб Каримжанова ұстаздар қатысып, төрелік етті.
Курс тәмамдаушылар арнайы байқаудан сынақ ретінде білім деңгейлері тексерілді. Нәтижесінде брінші орын иегері Шырын Рахимбаева, екінші орынды Жалалбек Мамуржанов, ал үшінші орынды Чарос Сидықметова иеленіп, үздік атанды. Үздіктерге алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.
Жалпы үйірмені 455 шәкірт тамамдады. Курс барысында «Ғибадат исламия», «Устаз аууал», «Сопы Аллаяр» кітаптары тереңдетіліп оқытылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі