Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Әл-Муслим мешітінің әйел-қыздар бөлімінің шәкірттері Құран әліппесін бітіріп Құран Кәрімді ережесіне сай оқи алатын дәрежеге жеткендігі үшін марапатталды. Шәкірттерді ынталандыру мақсатында тәжі кигізу рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Қонақтарға арналып шәкірттер тарапынан иләһи әндер, мағыналы монологтар айтыды. Тәрбиелік мәні зор көріністер көрсетілді. Сыйлықтар таратылып,  алғыстар айтылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38