Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешіті ұжымы мен қалалық Әжелер мектебінің ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлікпен қайрымдылық көмек үлестірілді. Қайырымдылық үлестіру шарасына қалалық орталық мешіттің наиб имамдары Мусабек қажы Ақтамберді және Қазыбек қажы Сарыбаев пен Мұхамметжан қажы Естемировтар қатыстып, қаламыздың Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының ізгі тілектерін жеткізді.
Соңынан «Мумтаз» халал дәмханасында дастархан жайып, дәм берілді. Сондай-ақ, апаларымыздың оқып дайындаған Хатым Құранды Сәрсенбаев Мейірбек қары бағыштап, дұғасын жасады.
Құрметті қонақтарымыз қалалық орталық мешіттің наиб имамдары уағыз-насихаттар айтып, құрметті имам Дәуренбек қажы атамыз бата берді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38