Абдусаттар Сманов мешітінде әйел жамағаты ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өткізілді. Рухани кеште ардақты Пайғамбарымыз (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) жайлы әсерлі бейне ролик көрсетілді. » Қош келдің мейірім пайғамбары» атты монолог оқылып, пайғамбарға махаббатты арттыратын ғибратты көріністер көрсетілді. Көрермен болып отырған жамағатқа әсерлі әрі есте қаларлықтай болу үшін сүннеттер жайлы сұрақ-жауаптар қойылды. Мәуліт айынан екі ай алдын ұйымдастырылған салауат жарысының нәтижесі бойынша қатысушыларға орын беріліп, сыйлық беріліп марапатталды. Рухани кештің әсерлі тұсы, » Пайғамбарыма сағыныш хат » атты шығармашылық тапсырма бойынша да орын беріліп марапатталды. Ең әсерлі хат оқылып, көрермендердің көкейінде жүрген сағыныштарын оятып, баршаны тебірентіп өтті.
Мешіттерде Мәуліт тойланып, осылайша азаматтарымыздың жүректерінде Пайғамбарға ( Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) махаббаттың артуы қуантарлық жағдай.

Абдусаттар Сманов мешітінің әйел жамағаты арасында Адамзаттың асыл тәжі кітабын оқу жарысы өтті. Кітаптан сұрақтар жазбаша және ауызша түрде қойылды.
Жарыс барша қатысушыларға пайдалы болып, Пайғамбарымызды ( Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) жақынан тануға себепші болды.
Бас жүлдегер Әжгереева Роза апай.
1-орын Ахметова Нұржамал апай.
2-орын Бауырханқызы Әсем.
2-орын Ақбердіқызы Арайлым.
3-орын Романова Шолпан.
3-орын Дашимова Сұлухан апай.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38