Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, «Ордабасы» мешітінде Мүбәрак Мәуліт айының құрметіне рухани шарасы өтті. Аталмыш шараға Шымкент қаласың Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы және Бекайдар қажы, Дәурен қажы, Мусабек имам, Мұхамметжан имам, Қазыбек имам, Нұржан имам, Азамат қажы, Самат имам және бес аудан имамдары, сондай-ақ , «Ордабасы» мешітінің ұжымы мен жамағаты және «Әжелер мектебінің» ақ жаулықты апаларымыз бен әйел-қыздар секторының шәкірттері қатысты. Шараның басы арнайы оқылған Хатым Құранды бағыштаумен және Бекайдар қажының батасымен, сондай-ақ, Бас имам Бақдәулет қажының әсерлі ақ тілегімен басталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

















