Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінде мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – Ұлы тұлға» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Игі шараны «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай ашып, ұстаздардың ерен еңбегінің атап өтті. Сондай-ақ, Шымкент қаласының бас имам орынбасары, магистр Мұхамеджан Естеміров қатысып,  медресе ұстаздарына ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы жолдаған құттықтау сәлемін оқып берді.

Айта кетсек,  «Шымкент» медресе-колледжінің  медресе-колледжінің директоры Талғат Шәйділләұлы ұстаздарға ризалығын білдіріп,  өзінің арнайы  алғыс хаты және Бас мүфтидың ұстаздарға арнайы жолдаған бір реттік қаржылай сый-ақысын табысталды. Мереке құтты болсын!

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38