Шымкент қаласы Қаратау ауданы “Аңламас ата” мешітінің ұйымдастыруымен Мәулід түні келуіне орай Мәулід дастарханы жайылып жамағаттың басын қостық Қонақта: Орталық Ақ мешітінің найб имамы Мұхаммеджан имам келіп қаламыздың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп әсерлі уағызын айтты. Ордабасы мешітінің найб имамы, Мейірбек Қариымыз Мәулід қасидасын оқып көңілімізді қуантты. Қаратау ауданының бас имамы Дастан имам Мәулідтің діндегі әрі ақидадағы орнын көрсетіп үлкен ілім қалдырды. Абдуссаттар мешітінің ұстазы Данабек имам Пайғамбарға деген махаббаттың қандай болатынын түсіндірді. Мәулід мерекемізді керемет етіп өткізіп берген ұстаздарымызға Алла разы болсын мешітіміздің әрі ұжымымыздың атынан үлкен алғыс айтамыз!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38