Шымкент қаласы , Қаратау ауданына қарасты “Бозарық Мейрімділік” мешітінің Имамы Нұрмахан Сейфулов. Тақырыпқа сай Жұма уағыз айтты. Жамағат ұйымдастырумен “Сағынышқа айналған әз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) – атты Мәулі дастарханы жыры жасалды.
Қонаққа: Мүфтиіміздің кеңесшісі Бегайдар Әміре , әл Фараби ауданының Имамы Ахмеджан Керімбек, Өкіл имам орынбасыры Мұхаммеджан Естеміров, Қаратау аудан Имамы Дастан Желеуов келіп, уағыз насихатта болды. Мауліттің мән мағынасын ,тойлаудағы мақсатты жамағатқа түсіндірді.
Спорттық шара ұйымдастырылды: Имамдар мен жамағат арқан тартып , имамдарымыз жеңіске жетті. Жастарымыз кір көтерді. Жамағаттың ұйымдастыруымен ас берілді. Мешіт ақсақалдары және ауыл биі Жексенбай Намазбек бата берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі







