Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жастар – біздің болашағымыз!» деген болатын. Осы жастарымызға дұрыс тәлім-тәрбие, имани һәм қазақи қасиеттерді бойларына сіңіруде түрлі деңгейде іс шаралар өткізілетіні белгілі.
Осы мақсатта ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігіне қарасты облыстық Жастар ісі бөлімі мен облыстық «Зекет» қорының өкілдері 1-маусым халықаралық балалардың құқығын қорғау күні мерекесіне байланысты «Балалар қуанышы» атты мерекелік іс шарасын ұйымдастырды.
Мерекелік шара аясында 40-тан астам бүлдіршін шәкірттерде арнайы батут құрылып, тегін секіртпе ойынауға мүміндік берілді.
Мұнымен қатар, мерекелік шараны сезіндіру үшін бүлдіршіндерге түрлі тәттілер мен балмұздақтар тегін таратылды.
Айта кету керек, бүлдіршіндеріміздің діни сауаттылығын анықтау масатында сұрақ-жауап шарасы ұйымдастырылып, нәтижесінде үздіктеріне ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек өзінің алғыс хатын табыс етіп, оларға бата берді.
Өз кезегінде ата-аналар тарапы ұйымдастырылған шараның маңыздылығына тоқталып, облыстық орталық мешіт ұжымына ризалықтарын айтып, алғыстарын білдірді.
Жалпы, балалар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс шаралар облыс аумағында бір апта бойы жалғасатындығын атап өту керек.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі