Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Мухаммад-Нур мешітінің әйел-қыздар бөлімінде жазғы діни сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттер арасында мұсылманның 40-парызын жатқа айту бойынша жарыс өтті.
Онымен қоса діни мағлұматтар бойынша да сұрақ-жауап ойынымен сергітіп,  сайыс соңында жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттады. Қатысушылардың барлығына алғыс хаттар берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38