ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Діни ағымдардың жастар санасына кері әсері» атты аймақтық имамдар форумы өтті.
Аймақтық имамдар форумына Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді мен Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар Төлжанұлы, «Халал Дамудың» бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдігінің жетекшісі Айбек Азимбаев, Жастар ісі секторының жетекшісі Әли Анарқұлұлы және мешіт имамдары қатысты.
Форум жұмысын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып, жүргізіп отырды. Форум аясында діни оңалту жұмыстарына жауапты Қаратау аудандық мешіттің бас имамы, РАНТ мүшесі Дастан Желеуов арнайы дәріс оқып, тәжірибесімен бөлісті. Басқосу барысында қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауаптар берілді.
Айта кетсек, Шымкент қаласына қарасты барлық мешіт діни ағымдардың алдын алу, сақтандыру шаралары кешенді түрде ұйымдастырылып келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі