Бүгін  Шымкент қаласы әкімдігінің ақпарпаттық-коммуникациялық орталығында Қасиетті Құрбан айт мерекесіне байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің брифингі өтті.

Брифингке ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов және Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

– Қаржылай мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс. Мұсылман қауымын мейірімділік пен бірлікке үндейтін мерекеде барынша жақсылық жасауға тырысайық, – деді бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы.

  • Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өту үшін бірқатар жұмыстар қолға алынады. Дәстүрлі түрде айт мерекесі күндері мешіттерде ұлттық салт-дәстүрге сәйкес өткізіледі. Онда ұлттық ойын түрлері, мерекелік дастархан жайылады. Биылғы жылы Құрбан айт намазын шаһардағы барлық мешіттерде 28 маусым күні таңғы сағат 06.30-да оқылады, –  деді шаһар бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров. 

Айта кетерлігі, республика бойынша онлайн құрбан мал шалу үшін  www.qurban2023.kz сайты іске қосылды. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен ҚМДБ-ның жергілікті өкілдіктері айналысады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38