Бүгін Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша өкілдігі бірігіп «Аймақтық имамдардың білімін жетілдіру» курсын іске қосты. Игі шараға Түркістан облысының бас имамы Ержан қажы Сматұлы мен Шымкент қаласының бас имамы Бакдаулет Нұрматұлы қатысып, курс жұмысына сәттілік тіледі. Аталмыш курсқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласына қарасты имам, молдалар қатысады. Айта кетейік, курс жұмысы әзірге бір жылдық болып беткітілді. Айына төрт рет, аптасына бір күндік дәріс беріледі. Курсты білікті һәм тәжірибесі мол ұстаздар Құран, фиқһ, тәпсір, ақида пәндері тереңдетіп оқытылады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38