Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде «Шебер қолдар» атты қолөнер бұйымдары көрмесі болып өтті. Көрмені «Имани жаз 2023» жазғы діни сауат ашу курсының кішкентай шәкірттері ұйымдастырды. 7-15 жас аралығындағы қыздар түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, суреттер салып, құрақ құрап, түрлі әшекей бұйымдарды өз қолдарымен дайындап көрмеге қойды. Қыздарды қолдау мақсатында ата-аналар қонаққа келді. Шара соңында шебер қыздарға сыйлықтар үлестіріліп, тәттілер таратылды. Тағы бір айта кететін жайт биыл Қождан ата мешітінде 80-нен астам мектеп жасындағы қыз балалар діни сауат ашу курсына қатысып жатыр.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38