Бүгін ҚМДБ қарасы «Шымкент медресе» колледжінде түлектері қорытынды емтихан тапсырды.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен құрылған комиссия құрамын Шымкент қаласы бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қарсы алып, алдағы білім жолы мен діни қызметке кірісетін шәкірттерге батасын берді.
Осыдан кейін, емтихан алу жұмыстары басталды. Биылғы жылы емтихан «Имам Хатиб» біліктілігі бойынша комиссия төрағасы ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Медет Құрсақов, мүшелері Шымкент қаласы бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Һибратулла Тараизи» медресе колледжінің оқытушысы Нұрлан Мұрат, «Сарыағаш» медресе колледжінің арнайы пән оқытушысы Темірбек Құлжанов, «Шымкент медресе» коллледжінің арнайы пән оқытушысы Саркеев Өмірбек және хатшысы Аринов Дариха. Ал «Ұстаз біліктілігі бойынша комиссия емтихан төрағасы ҚМДБ «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Аманқұлов Хасан, мүшелері «Сарыағаш» медресе колледжінің ұстазы Сманова Нұржамал, «Шымкент медресе» коллледжінің ұстазы Еркінбеков Меруерт және комиссия хатшысы Ташпулатова Дияралар қатысып, емтихан алды.
Биылғы оқу жылын 48 студент тәмамдады. Соның ішінде 1 студент оқуын әрі қарай жалғастыру үшін Түркия Республикасы «Хаскеи» діни академиясына оқуға түсті. Ал 4 студент Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетіне үміткер ретінде құжаттарын өткізді. Мұнымен қатар, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен бітіруші түлектерге имам, найб имам, ұстаз және азаншы сынды сала бойынша қызметтерге бөлінеді.
Айта кетсек, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың атушынша бітірушілерге арналған қорытынды емтихан медресе колледж бағдарламасына сәйкес Құран, фиқһ, араб тілі пәндері және қосымша сұрақтар бойынша алынды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі