Мамыр айының 27-жұлдызында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Иссамиддин Баба мешітінің жанынан ашылған «Сакина» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен қалалық деңгейде «АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ» жатқа айтып, мағынасын ашықтау сайысы өтті.
Атаулы іс шараны Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын Бектұрсынұлы ашып берді! Сайысқа келген қатысушы ,қонақтарға насихатын айтып сәттілік тіледі!!!
🔹Шараға жалпы саны 140-қа жуық әйел қауымы қатысты.
🔹Сайысқа 80 қатысушы қатысты.
📌Жеңімпаздарға сыйлықтар мен қаржылай сыйақылар табысталды. Соның ішінде:
🥇1-орын – Жолдасбек – Нұрсезім 30 000₸
🥈2-орын – Асубаева Мәншүк – 20 000₸
🥉3-орын – Ерсары Айдана – 10 000₸ қаржылай сыйлықтарға ие болды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасыз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38