Бүгін Шымкент қаласының Қайтпас елдімекенінде орналасқан «Қасірет» мемориалында, 31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы болып өтті.

Шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің игі бастамасымен қала мешіттерінде бесін намазынан кейін арнайы қасиетті хатым Құран тіләует етілді.

Мұнымен қатар, қала әкімдігінің ұйытқы болуымен «Қасірет» мемориалында өткен еске алу шарасына Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың сәлемін жеткізіп, уағыз-насихат айтылып, шара соңында дұға жасалды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасыз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38