Бүгін ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, белгілі дінтанушы Қабылбек Жұмабеков Шымкент орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді. Жиналған жамиғатқа Қабылбек Аліпбайұлы «Имам Ағзам Әбу Ханифаның  өмірі мен өнегелі өсиеттері» тақырыбында уағыз айтты. Сондай-ақ,  белгіленген тақырып аясында бірнеше сұрақтарға жауап беріп, ізгілік пен мейірімділік, отан мен отбасы т.б. асыл құндылықтарға айрықша тоқталды. Жұма намазы барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен бағдармасы аясында арнайы келген ұстаз Қабылбек Әліпбайұлына жамағат атынан алғысын білдірді.  Жұма намазын жамағатпен оқып,  бірге ел тыныштығы мен бірлігі үшін бата жасады. 

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38