Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын.
Әуелі күллі әлемнің раббысы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар, мадақтар және шүкірлер болсын. Адам заттың асылы, дүние мен ахыреттің сардары пайғамбар Мұхаммед Мұстафаға, Оның  отбасына Алланың салауаты мен сәлемі болсын.
        Құрметті мұсылман бауырлар! Айналамыздағы әрбір жаратылыстар, табиғаттың құбылыстары жүйелі түрде орындалуы, әрбір мұсылсан үшін Алланың бар екеніне дәлел бола алады. Өйткені кез-келген мұсылман адам Алланың бар және бір екеніне кәміл сенеді. Расында Алла бар, бар болуында ешкімге мұқтаж емес керісінше барлық жаратылыс Оған мұқтаж. Оны ешкім бар қылып тұрған  жоқ, себебі Ол жаралмаған. Ұлы Алла қасиетті Құранда: «Ол Алладан басқа тәіңр жоқ. Ол тірі, әр нәрсені толық басқарып тұр. Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктер мен жердегілердің барлығы Соныкі…» дейді.  (Бақара, 255).
Алла Тағала келесі аятта: «Міне, Раббыларың болған Алла осы. Одан басқа құдай жоқ, Ол – барлық нәрсенің (жалғыз) жаратушысы. Ендеше, бір Өзіне құлшылық етіңдер».  дейді. әл-Ән’ам: 102
      Жоғарыда келтірілген Құрандағы дәлелдер мұсыламан адамдар үшін ғана дәлеле болуы мүмкін. Өйткені бұл өмірде Алланы мойындаматын қаншама адамдар бар. Алланы мойындамаған, танымаған адамдарға Құран мен хадистен дәлел келтіре алмаймыз. Ондай адамдарға тек ақылый дәледер арқылы ғана дәлелдеп бере аламыз. Хикмет пен даналықтың иесі болған Аллаһтың Өзі пендесінің ақылы көтере алатын ақылый дәлел келтіріп Құранда:
«Егер де жер мен көкте Алладан басқа да құдайлар болғанда, шүбәсіз, ондағы тепе-теңдік пен жүйе бұзылып, астаң-кестеңі шығар еді. Әйтсе де Арштың Раббысы Алла мүшріктердің Өзіне теліп жүрген сипаттарынан мүлдем ада.»– дейді. (әл-Әнбия: 22)
         Бір күні Жаратушыға деген семінен ада, Құдай жоқ деп парықтайтын біреу мұсылман діндар бір ғалымға келіп мынадай үш сұрақ қойыпты: 1) Алла бар болса маған көрсетші? 2) Алла маңдайыңа жазып қойса, адам неге жазаланады? 3) Шайтан өзі оттан жаратылса тозақ отына қалай күймек?
       Байсалды қалпын бұзбастан оның сұрақтарын тыңдап болған ғалым жерден бір кірпіш сынығын алып әлгінің басынан бір ұрыпты. Басы жарылған дінсіз бірден биге жүгініпті. Би ғалымнан сұрапты:
     Басынан кірпішпен ұрғаның рас қой? Маған үш сұрақ қойған еді. Мен сол сұрақтарына жауап бердім,- деді ғалым.
Қалай сонда?  Таңғалған бине ғалым өз ісінің астарын былай түсіндірді.
      Біріншіден, «Алла бар болса маған көрсет» деп сұрады. Басының ауырғаны рас болса маған көрсетсін кәне? Екіншіден, «Маңдайыңа Алла жазып қойса адам неге жазаланады?» деді. Басына кірпішпен ұрылу жазылған болса, мені неге сотқа берді? Үшіншіден, «Өзі оттан жаратылған шайтанға тозақ оты қалай әсер етеді?» деп сұрады. Оғанда жауап бердім: Өзі топырақтан жаратылса топырақ кірпіш оған қалай әсер етті? Қисынды жауап естігенде сот ғалымды еркіне қояберді.

        Алланы танымайтын және мойндамайтын адамдарға осыған ұқсас ақылый дәлелдер керек екен. Алла Тағала баршамызды өміріміздің соңына дейін шынайы мұсылман болуымызды нәсіп етсін. (Әмин).

Пайдаланылған әдибеттер:  «Иман негіздері» С. Сейтбеков
«Тағлым тамшылары» Қ. Бағашар.

Шыскент қаласы, Тұран ауданы, «Әл-Муслим» мешітінің ұстазы: Ханзадаев Мұхтар.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38