Бүгін Шымкент қаласына іссапармен келген ҚМДБ Найб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы Шымкент орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы «Тағдырға ризалық таныту» тақырыбында уағыз айтты. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізіп, осы жылды ҚМДБ тарапынан «Ислам және ізгі қоғам» деп жария етілгендігін айрықша атап, ізгілік пен мейірімділік, отан мен отбасы т.б. асыл құндылықтарға айрықша тоқталды.
Жұма намазы барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ұстаз Сансызбай қажы Құрбанұлына жамағат атынан алғысын білдірді.
Жұма намазын жамағатпен оқып, бірге ел тыныштығы мен бірлігі үшін бата жасады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі