Бүгін Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ Найб мүфтиі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлының «Алла елшісі (с.ғ.с) намазының сипаты» атты кітабының танытымы ұйымдастырылды.
Игі шараға ҚМДБ Найб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, найб имам Мұсабек Ақтамберді, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Тауаф» компаниясының қалалық өкілі Азамат Әбдікерімұлы және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудан имамдары қатысты.
Айта кетсек, шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында имамдардың діни біліктілігін арттыру мақсатында Шымкент орталық мешітін «Ақида: жаңа ғасырдағы жат ағымдар мен ұйымдар» және «Фиқһ: Ханафи мәзһабының намазға қатысты дәлелдері» атты танымдық аймақтық қос діни семинарға қатысып, дәріс оқыды. Сондай-ақ, аталмыш еңбек семинарға қатысушыларға тегін үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі