Шымкент қаласының орталық мешіті Ақмешіттің әйел-қыздар жамағаты ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с. ) «Сыйлық бер сүйіспеншілігің артсын!» сөзіне сәйкес сыйлық беру кешін өткізді. Кеш барысында осы мешіт ұстазы және «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжанның «Мұсылмандар – бауыр», «Сүйіспеншілік – иман» тақырыптарындағы уағыз-насихаттарынан басталды. Шәкірттердің үйінен әкелген кішігірім сыйлықтарын шекпен тастау арқылы бір-біріне сыйлап, құшағына басып, бір-біріне дұға тілектерін айтты. Осы жасалған іс-шара мұсылмандардың бір-біріне деген мейірім,  махаббаттары мен ауызбіршілігін арттырады деген үміттеміз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38