Шымкент қаласының орталық мешіті Ақмешіттің «Әйел-қыздар» жамағатының арасындағы бауырмашылықты, ауызбіршілікті , қызмет және құрмет көрсетуді үйрету мақсатында ұстаздар мен жамағат Қасқасу демалыс орнына, тау етегіне жиналды.
Жамағат арасындағы қол күрес, арқан тартыс ойындарымен бой қыздырып,  көңіл көтерді. Ал , сұрақ-жауап,  ‘суретке қарап хадис тап!’ ойындары ой ұшқырын тексеріп таудағы саяхатты одан бетер қызықты етті.
Табиғатқа қарап отырып «табиғат және адам» жайлы уағыз айтылды.
Осы іс-шара жамағаттың ұстаздан тек сөзінен емес амалынан да сабақ алып, бір-біріне сыйластығы артып, пайдалы өтті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38