ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен Әл-Фараби ауданындағы мешіттердің дін қызметкерлерінің ұйымдастырумен дін мен дәстүрге және салт – санамызға сай үлкенге құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, бүгінгі 9-мамыр жеңіс күнінде тыл ардагерлері Ибрагим Тұрсын Оразәліқызы, Тұлғаева Базира және Смағұлова Таисия апаларымыздың шаңырақтарына арнайы барып, құрмет көрсетіліп, сый – сипат жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі