Бүгін Қазақстан мұсылмандары  діни  басқармасының  «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында  Шымкент қаласы бойынша өкілдігімен Шымкент қаласы Дін істер басқармасымен бірлесіп  Шымкент бойынша  өкілдігінің  бес жылдығына орай «ЖАСТАР ЖӘНЕ РУХАНИЯТ» аймақтық танымдық жастар форумы ұйымдастырылды.

Форумның негізгі мақсаты – жастардың білім алуы, үлкенді, ата-ананы құрметтеуі,  отансүйгіштік, салт-дәстүрлерімізді сақтау, адал мен арам, обал мен сауап және әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану сынды өзекті мәселелер көтеріліп, түсіндірілді.

Жастар форумын ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды.

Форум аясында найб имам Мұсабек Ақтамберді, қалалық  «Қаратау дәстүрлі өнер» мектебінің ұлағатты ұстазы, термеші Кенжебай ақын Шал, қалалық Дін істері басқармасы, ДМЗО КММ-ның маманы Рахымжан Абдулуахитұлы, Шымкент қалалық «Дін мен дәстүр» бағытының жетекшісі Самат Анарбаев және қалалық «Халал Даму» мекемесінің бас технолог маманы Аружан Аралбай, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі  Анарғали Керімбековтер  баяндама жасады. Өте әсерлі өткен форум аясында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.  Сондай-ақ, басқосу барысында дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров форумның арнайы үндеуін оқып, таныстырды. 

Айта кетсек, қалалық «Жастар ісі» секторы ұйытқы болған форум Шымкент қалалық ішкі сасясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы ғимаратында өткізілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38