Шымкент қаласы Тұран ауданы «Қождан ата» мешіті әйелдер бөлімінде Рамазанды қорытындылау мақсатында іс-шара өтті.
Қождан ата мешіті әйелдер жамағаты Рамазанның соңғы 10 күндігінде өз ара салауат айтудан жарыс ұйымдастырған болатын. Осы кеш барысында сол жарыстың жеңіпаздарын анықталды.
Ең көп салауат айтудан
1.орын Тұранова Ләззәт апа
2. орын Артықова Жарқынай
3. орын Сиқымбаева Фарида иеленді.

Сонымен қатар жаңа шәкірттермен бұрыннан оқып жатқан шәкірттердің бауырластығын арттыру мақсатында ауызашар дастарханы жайылып, шәкірттер бір-біріне сыйлык үлестірді. Жиын барысында жаңадан орамалға келген, намаз бастаған және биыл алғаш рет ораза ұстаған шәкірттерге ынталандыру мақсаттарында сыйлықтар табысталды.
Шара соңында Құран хатым дұғасы оқылып, биылғы Рамазанды қорытынды жазуға тапсырма берілді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38