Шымкент қаласы Тұран ауданы «Қождан ата» мешітінде айт өтті. Айтта Хазіреті Муфтиіміздің құттықтауы жеткізілді, және Тұран ауданының әкімі Булатбеков Боранбай Нығметұлы келіп халыққа құттықтау сөз айтты. Айт намазын оқып болғаннан кейін айттық дастарханға мешіт ақсақалдары Әкім мырзамен ас ішті. Жамағатқа ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі