ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінде Қадір түнін құлшылықпен өткізу шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Арнайы бекітілген «Қадір түнім – қасиетім» атты бағдарламаға сай, әуелі жамағатқа ауызашар беріліп, «Рамазан айы және Қадір түні» туралы насихат айтылды.
Құптан намазына шақырылған азан мен қамат арасында «Құран оқудың хикметі» тақырыбында уағыз айтылды. Кейін құптан намазы мен тарауық намазындары өтеліп, хатым Құран дұғасы жасалды. Намаздан соң, тарауықта хатымды оқыған Сәрсенбаев Мейірбек қарыға құрмет көрсетіп, иығына шапан жабылды.
Негізгі құлшылық намаздар өтелгеннен кейін, Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінің имамы Ахметжан Керімбек жамағатқа ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет пен қаламыздың бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтауларын жеткізіп, Қадір түніне арналған кіріспе уағызын айтты.
Кіріспе уағыздан кейін, бағдарламада көрсетілген кесте бойынша уағыздар айтылып, жамағатпен нәпіл, тәсбих намаздар оқылып, қатысушыларға арнап викториналық сауал-жауап сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталып, сол секілді түрлі рухани сауапты шаралармен жалғасты.
Түн ортасы ауғаннан кейін мың бес жүзге жуық жамағатқа сәрелік себеті таратылды.
Таң намазына азан айтылғанға дейін, арнайы келген қалалық мешіттің бірінші наиб имамы Ақтамберді Мусабек қажы уағыз-насихат айтып бағдарламаны қорытылады.
Қадір түнінен рухани қуат алған жамағат таң намазының сүннеті мен парызын өтеп тарқасты.