Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылға арналған бағдарлық баяндамасына орай, көне түркі еңбектерді оқыту жұмыстары қолға алынды.

Шымкент орталық мешіті жанынан ашылған «Яссауи дүниесі» атындағы көне түркі кітаптарды оқыту орталығының ұйытқы болуымен Қаратау ауданы «Сайрам» мешітінде шәкірттер курсты тамамдады.

Аталмыш шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының атынан шаһар бас имам орынбасары әрі көне түркі еңбектерді оқыту орталығының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров мен Салахиддин Мухиддниов, Жаһангир қари ұстаздар қатысты.

Курс тәмамдаушылар арнайы байқаудан сынақ ретінде білім деңгейлері тексерілді. Нәтижесінде Рустамханова Рухшона, Махамаджанова Жанона, Хикматжанова Ширин, Кувонова Рохила, Абдуллаева Мавжуда, Сайдикрамова Гузал, Марданова Мохинур, Абдуллаев Дилноза, Мамадалиханова Мархаматхон, Сұлтанбаева Зебинисо, Мирфайзиева Сарвиноз шәкірттер үздік атанды.

Курсты 200 шәкірт тамамдады. Курс барысында  Құран, ақида, фиқһ  дәрістерімен бірге көне түркі тілінде жазылған Ханафи Мәзһабына негізделген бабалардың «Ғибадат исламия», «Устаз аууал», «Сопы Аллаяр» кітаптары тереңдетіліп оқытылды.

Курс бағдарламасы екі айға арналған. Тағылымдамадан өткен шәкірттерге арнайы сертификат табысталады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38