Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешіті әйелдер жамағатына «Сіз күткен-Рамазан» атты рухани кеш болып өтті. Кеш Құран Кәрімді оқумен ашылды.
Шара барысында Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы уағыз-насихат айтылып, шәкірттер тарапынан ғибратты қойылымдар көрсетілді. Әуелгі ізгілепдің оразасы қандай болғаны жайлы видеороликтер түсіріліп көрерменге көрсетілді.
Қождан ата мешітінде Құран әліппесін оқып бітірген бірнеше шәкіртке кеш барысында Құранға Құран кітап табысталды, қонақтармен қызықты ойындар ойнатылып, жеңімпаз әр топқа Рамазан бокстары таратылды.
Жиын соңында жиналған барлық әйел-қыздар жамағатына берекелі дастархан жайылып, наурыз көже таратылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі