Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде «Рамазан айы және әйелдерге тән мәселелер»  атты семинар болып өтті.  Семинарда Қождан ата мешітінің әйел ұстазы Әсем Аязалиқызы және интегративті нутрицолог Есжанова Нұрила ханым жүргізді. Жалпы іс-шарада Әсем Аязалиқызы- Рамазанның қадір-қасиеті, ораза ұстаудың маңыздылығы, Рамазан айына әйел кісілер қалай дайындалу керек, Рамазан айы және балалар тақырыбын айтса. Дәрігер Есжанова Нұрила ханым
– оразаның ағзаға пайдалары, аштықтың түрлері,  ағзаны оразаға қалай дайындау керек және ауыз бекітерде және ауыз ашардағы ас қандай болу керектігі жайлы пайдалы ақпараттар берді.
Шара соңында Рамазан айында туындайтын әйелдерге тән мәселерге байланысты, келген қонақтармен жалпы сұрақ-жауап болып өтті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38