ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Шымкент орталық мешіті «Наурыз – ізгілік пен ынтамақтың мерекесі» атты рухани мерекелік шарасын ұйымдастырды.
Мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне аудандық мешіт имамдары мен қалалық Дін істер басқармасы, «Шымкент медресе» колледжі, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры, «Жастар ісі» секторы «Әйел-қыздар» секторы, «Әжелер» мектебінің мүшелері қатыстып, үлес қосты.
Әуелі ҚМДБ-ның «Рамазанда бір тал ек» атты табиғатты қорғау, қолдау, жасылдандыру акциясы аясында мешіт ауласына ағаш отырғызудан басталды. Осыдан кейін, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізін жеткізіп, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, игі шара барысында республикалық «Ақсақалдар» кеңесінің мүшесі Бекайдар Әміре, Тасқараев Дәуренбек ақсақал, дінтанушы Қалиолла Маджанов, «Шымкент медресе» колледжінің директоры Талғат Әсембай т.б, азаматтар тілек айтты.
Мерекелік шараны наиб имам Мұхамеджан Естеміров жүргізгіп, наурыз туралы хабарлама жасады. Жиналған жамағатқа «Дін мен дәстүр» бағытын насихатау мақсатында ұлттық спорттық ойындар мерекенің әрін кіргізді. Яғни, арқан тартудан, кіртасын және қой көтеру сынды сайыстар өткізілді. Жарыс соңында жеңімпаздарға өкілдіктің арнайы дипломы мен кәде-сыйлықтары табыс етілді.
Сондай-ақ, барша келуші жамағатқа наурыз көже мен бауырсақ ұсынылып, өткен ата-бабалар рухына Құран бағышталып, дұға-тілек жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі