Бүгін Шымкент орталық мешітінде қалалық «Әйел-қыздар» секторының ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында шәкірт әйел-қыздар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының атынан дінтанушы, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, ұстаз Балжан Досжан, ұстаз Күлсара Бекет  арнайы қатысып,  жарысқа қатысушыларға сәтілік тіледі. Жарысқа үш аталым негізінде жарысқа түсіп,  жарыс нәтижесі бойынша:

 Құран Кәрім 30-шы парасы бойынша:

І-орын: Есжанов Нурила

ІІ-орын:Өмірзақ Бибігүл

ІІІ-орын:Байкизилова Гүлшат

 Құран Кәрім «Дұха, Ғашия» сүресі бойынша:

І-орын:Жұмаханқызы Ақбота

ІІ-орын:Есеналиева Фарида

ІІІ-орын:Бибатырова Айдана,

ІІІ-орын:Бауыржанқызы Элвира

 Құран Кәрім «Фил,Нәс» сүресі бойынша:

 І-орын: Янгибаева Әсемкүл

ІІ-орын:Әбілдаева Айдана

ІІІ-орын:Әзімхан Фатима

Құран Кәрім 28-29 пара бойынша:

І-орын: Тажиева Айдана

ІІ-орын:Абубакирова Айша

 Айтулы шара соңында  жүлде алғандарға өкілдіктің атынан  алғыс хат пен бірге сый-сияпат табысталды.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38