2023 жылдың 6 ақпанында Шығыс Жерорта теңізінде бірқатар күшті жер сілкінісі және кейінгі дүмпулер болғанының салдарын онмыңдаған адамның дүниеден өтіп, одан да көп адамның зардап шеккені баршамызға мәлім. Осы жағдайға жүректері елжіреген нәзік жанды әпке аналарымыз бей жай қарап отыра алмады. Қолдан келген көмектері қаржылай көмек пен Алладан жарылқау тілеу еді. Міне қаласының мешіттеріндегі, әсіресе Сайрам жами мешітінің әйел-қыздар жамағаттары Құран Хатым жасап Аллаға қол жайып дұға етті.
Раббымыз дұғамызды қабыл етіп, Түркия және басқа да зиян шеккен елдерге жәрдемін берсін!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі