Шымкент қаласы, Қаратау ауданы ,,Жанқожа“ мешітінің ұйымдастыруымен ,,Бірлігі жарасқан жамағат“ атты рухани дастархан ұйымдастырылды. Келген жамағатқа ,,Жанқожа“ мешітінің имамы Сатыбалдиев Асқарғали ,,Ибн Касир“ тәпсірінен сабақ өтті. Мұсылман мұсылманға бауыр, сондай-ақ жамағаттың бірлігін сақтау бәрімізге міндет екенін түсіндірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі