Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның концептуалды құжаттар негізінде «Имамның тұлғалық келбеті» атты танымдық діни семинары ұйымдастырылды. Семинар жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар қажы Төлжанұлы, қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев, қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшісі, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан имамдары қатысты. Семинар барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы тарапынан ҚМДБ-ның концептуалды құжаттар жүзеге асыру туралы арнайы тапсырмалар берді. Сондай-ақ, 22 сала бойынша жетекші мамандар қысқаша атқарылған жұмыстар туралы баян етті. Семинар соңында жылдың үздік деп танылған бірқатар мешіт имамдарына ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының және Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахмановтың арнайы алғыс хаты табыс етілді. Мұнымен қатар, қалалық «Тауаф» қажылық компаниясының жауапты өкілі Азамат Әбдіркерімұлы өкілдіктің атынан жуырда Астанада өткен «Мүфтият үздігі-2022» жобасы аясында Республикалық «Үздік мақала авторы» номинациясының иегері Мұхамеджан Естеміровке құрмет ретінде «Тауаф» қажылық компаниясы арқылы үлкен қажылық сертификаты табыс етілді. Сондай-ақ, үздік қызмет атқарған жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері Сапарғали Абдуқаймов, Әділхан Сертай, Нұрсұлтан Орынбаевтарға отбасымен берге «Ақсу жабағылы» шипажайына жолдама берілді. Әріптестер марапаттар құтты болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі