ҚМДБ Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық Әл-Біләл мешітінің жанындағы қарилар дайындау орталығында қаламыздың бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының бастамасымен Қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап хафиз болған шәкірттеріміздің құрметіне дастархан жайылды. Атаулы іс шараға Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінің бас имамы Шотабеков Берік ұстазымыз медресе шәкірттеріне, мешіт жамағатына уағыз насихат айтып , іс шара соңында демеуші ағаларымыздың демеуімен Медресе ұстазы Л.Мұратбек және екі шәкіртке қала бас имамының алғыс хаты және УАМРА қажылығына жолдама табысталды , жиын соңында Еңбекші ауданының іс-басқарушысы Н.Айдаров жалпы қонақтарға , демеушілік еткен жандарға алғысын білдіріп тарқасты!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38