Шымкент қаласы Абай ауданы Шейх Мухаммад Садық мешіті Әйел-қыздар бөлімінде діни сауат ашу дәрістері қарқынды жүруде. Міне жазғы діни сауат ашудан кейін тағы шәкірттер жиналып сол шәкірттерден 40 қыз және келіншектер Құран әліппесін бітіріп Алланың кәләмі Қасиетті Құран Кәрімді түскен тілінде оқи алатын дәрежеге жетті. Осыған орай ілім іздеп еңбек еткен осы шәкірттерді бағалап «Құраным асыл тәжім» атты тәжі кигізу салтаныты ұйымдастырылды.
Бұл салтанатты кеште Құран оқудың маңыздылығы жайлы көріністер көрсетіліп, иләһи әндер айтылды. Құран оқуды үйренген шәкірттерге тәжі кигізіліп сыйлықтар тарту етілді.
Кеш соңы берекелі дастархан басында жиналып ас берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі