Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына барған сапарында Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде болып, түрлі сала мамандарына насихат айтты.
Әуелі Бас мүфти өнер орталығының жұмысымен танысып, кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесіп, баланың болашағы үшін дұға жасады.
«Бүгінде жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудің маңызы үлкен. Дәстүрін сақтаған ұл мен қыз ата-анасының үмітін ақтайды. Мен осы ретте осында отырған тамада бауырларыма той-томалақты қазақтың салт-дәстүріне сай өткізу аса маңызды мәселе екенін айтқым келеді. Біз бұл туралы осындағы зиялы қауым өкілдерімен де талқыладық. Сондықтан біз бірлігімізді таныта отырып, жастарымызды жақсылыққа ұйытуда белсенді болуымыз тиіс» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
ҚМДБ Баспасөз қызметі