Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы , Қаратау ауданына қарасты “Жанқожа “мешітінде
“Берекелі,Мерекелі -Мәулітің ,Әз-Мұхаммед “ атты Мәуліт мерекесі болып өтті .
Аталмыш іс – шараны мешітіміздің наиб Имамы : Әмеров Полат ашып берді.
Мешітіміздің жанынан құрылған апалар мектебі Пайғамбарымыз (с.а.у )ға арнап мәуліт оқыды және жамағат болып Пайғамбарымыз (с,а,у) құрметіне арнап оқылған Құран хатымның дұғасы бағышталды.
Осы мәуліт айы кіргеннен бастап мешіт ұстазы Ұлтуған Әметханқызының бастамасымен “Салауатым-Сәлемім,Сағынышым “атты – Салауат айту жарысы ұйымдастырылып , 22күн бойы айтылған Салауаттың бүгін қортындысын шығарылды.
Үлкендерден үш орын берілді :
1-орын:Айтбаева Айгерім -265100 салауат.
2-орын:Нұрымбетова Ләилә апа – 225000 салауат.
3-орын:Мұратқызы Әсел  164352 салауат.
 
кішкентайларға үш орын берілді:
1-орын :Садыри Абзал – 169992 салауат.
2-орын :Өсербай Таснима 158920 салауат.
3- орын : Бақтыбай Әмина 143270 салауат.
Осы салауат жарысының жүлдегерлеріне 
Жамағат атынан ұйымдастырылған сыйлықтар таратылды.
  Салауат жарысына қатысқан барлық үлкен-кіші жамағатқа “Алғыс хат” табысталды. 
,, Жанқожа “ мешітінің имамы Сатыбалдиев Асқарғали ұстаздың бастамасымен Мәулітке келген жамағатқа 50 Құран  кәрім кітабы сыйға берілді.
Мерекеге қонаққа “Таскен “ мешітінің жамағатыда келіп қатысты . 
Келген жамағатқа ақ дастархан жайылып елге дұға жасалды .
 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38